Кері байланысІздеу
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  "АӨҚО" АҚ

"АӨҚО" АҚ

"АӨҚО" АҚ Басқарма Төрағасы - Өткелбаев Дәурен Багонбайұлы

 

"АӨҚО" АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдағы 29 қаңтардағы №65 Қаулысымен құрылған. Қоғамның қызметі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын дамыту, демеу және әкімшілік етуге бағытталған. "АӨҚО" АҚ негізгі мақсаттары Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту, халықаралық капитал нарықтарымен интеграциясын қамтамасыз ету, капитализациясы мен өтімділігін арттыру, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту үшін жағдайлар жасау және сонымен қатар жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығында инвестор ретінде жұмыс істеуге тарту болып табылады. Негізгі міндеттері:

1. Халықаралық стандарттарға сәйкес және шетел қатысушыларын тартуға мүмкіндік туғызатын қаржы орталығын институционалды түрде дамыту;

2. Эмитеттерді, брокерлік және дилерлік іс-әрекетпен айналысатын кәсіби қатсыушыларды және институционалды инвесторларды қаржы орталығында жұмыс істеуге тарту;

3. Халықтың ішкі жинақтарын қор нарығы арқылы бағалы қағаздар мен басқа да қаржы инструменттеріне қатыстыру. Жаңа қаржы инструменттері мен қор технологияларын дамыту және енгізу;

4. Бағалы қағаздар нарығы мен қаржы орталығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру;

5. Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және шетелде Қазақстан Республикасының  жағымды беделін қалыптастыру;

6. Қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру-техникалық қамсыздандыру. Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатын арттыру Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу.

 

* Толық ақпаратты "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" Акционерлік қоғамының ресми сайтынан алуға болады: www.rfca.kz

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz