Кері байланысІздеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  АӨҚО Рейтинг Агенттігі

АӨҚО Рейтингтік Агенттігі

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының Рейтингтік агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 9 ақпандағы № 003—608 бекітілген Қазақстан Республикасында ұлттық рейтингтік агенттіктерді дамыту мен тәуелсіз кредиттік рейтингті арттыру мақсатында халықаралық рейтингтік агенттіктермен сапалы қарым-қатынасты қамтамасыз ету жөніндегі шара жоспары мен Қазақстан Республикасы Алматы қаласыныңы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 68 бұйрығымен бекітілген Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының 2010 жылға дейінгі даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылды.

«АӨҚО Рейтингтік Агенттігі» АҚ — Қазақстан аумағындағы Қазақстан Республикасы қор нарығын дамытуға бағытталған, кредиттік рейтинг тағайындау арқылы шеттен алушы субъектілердің несиеге қабылеттілігінің дербес бағаламасы саласында қызмет көрсететін алғашқы мамандандырылған рейтингтік агенттік.

Міндеттері:

ОА нарықтарының шарттары бойынша кредиттік тәуекел деңгейін бағалау үшін арнайы жасалынған жүйе бойынша кәсіпорындарға, банктерге, сақтандыру компанияларына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, орта және кіші бизнес субъектілеріне кредиттік рейтингтер тағайындау;

Ұлттық шкала бойынша қарыз алушының жеке борыштық міндеттемелеріне кредиттік рейтинг тағайындау;

Тағайындалған кредиттік рейтингтердің индикациясы;

Экономика салаларына жалпыэкономикалық шолу; өнім нарығының сыртқы конъюнктурасы, салаларды дамыту тенденцияларын анықтау; салалардың қаржы көрсеткіштері бойынша мәліметтерді сараптау;

Есептік кезең бойынша өндірістік және қаржы көрсеткіштерін қосқандағы кәсіпорын жағдайын сараптау; дамудың стратегиялық бағдарламалары мен өндірістік-шаруашылық қызмет қызмет жоспарлары; кәсіпорындардың қаржы жағдайы мен олардың салалардағы орнын терең сараптау; ұжымдық басқару сапасын бағалау;

Бизнес-жоспарларды, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, техникалық аударма, жеке тапсырыстар бойынша зерттеулерді бағалау және жасау;

Түрлі тақырыптар мен бағыттар бойынша конференциялар, семинарлар, форумдар, тренингтер өткізу.

 

 *Толық ақпарат www.rfca.kz «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы» Акционерлік қоғамының ресми веб-сайтында

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz