
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
АӨҚО Академиясы
АӨҚО АкадемиясыҚазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсанда № 68 бұйрықпен бекіткен «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын 2010 ж. дейін дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру шеңберінде «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының Академиясы» білім орталығын құру жөнінде шешім қабылданды. Академияның негізгі мақсаты — қаржы нарығы мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді тренингтер мен курстар өткізу арқылы қаржы секторында кәсіби мамандар даярлау/қайта даярлау. Жоба сонымен қатар Қазақстан Республикасы тұрғындарының қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған. АӨҚО Академиясы бағалы қағаздар нарығында қызмет етуші білікті мамандарды оқыту мен үйретуге арналған. АӨҚО Академиясының алдына қойған негізгі міндеті алдыңғы қатарлы халықаралық орталықтармен ынтымақтастық орната отырып, қаржы секторында кәсіби мамандарды дайындау/қайта дайындау жүйесін құру.
*Толық ақпарат «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы» Акционерлік қоғамы сайтында www.rfca.kz |