
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
АӨҚО Медиа
АӨҚО МедиаҚазақстандағы іскерлік қоғам өкілдерін ақпараттандыруға қатысты міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы өткізетін барлық шараларды толық мәлімдеу мақсатында ақпараттық ресурс құру қажеттілігі туындады. Осыған сәйкес, бүгінде аталған міндеттерді, атап айтсақ, АӨҚО қызметі мен оның құрылымы туралы ақпарат таратуды жүзеге асыратын «АӨҚО — Медиа» ЖСШ өз жұмысын бастады. «АӨҚО — Медианың» құрылуы АӨҚО-ң ақпараттық дамуымен қоса, республика жұртшылығының экономикалық білімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«АӨҚО — Медианың» басты мақсаты: 1. АӨҚО-н дамыту бойынша мемлекет, ҚРА АӨҚО және басқа да мемлекеттік органдар қызметін жариялау 2. АӨҚО арнайы сауда алаңында айналымға түсетін қаржы құралдары туралы отандық және шетелдік инвесторларға ақпараттар тарату 3. АӨҚО АСА листингісіне енгізілген эмитенттердің қаржы көрсеткіштері мен қызмет нәтижелерін жариялау 4. АӨҚО, АӨҚО АСА қызметін, биржалық индекстер мен басқа да көрсеткіштерді жариялау 5. Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық және қаржы сауаттылығын арттыру 6. Басқа қаржы ұйымдары, сауда алаңдары және т. б. қызметін жариялау 7. Негізгі қызметтен кіріс табу
* Толық ақпарат «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы» Акционерлік қоғамы сайтында: http://media.rfca.kz |