Кері байланысІздеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  Арнайы қаржы соты

Арнайы қаржы соты

Алматы қаласындағы Мамандандырылған қаржы соты Қазақстан Республикасы Президентінің № 158 Жарлығына сәйкес, 2006 жылдың 17 тамызында бекітілді. Бүгінгі таңда, жаңадан құрылған сот жүйесі Қазақстан Республикасындағы облыстық сот статусын алған, азаматтық-құқықтық дауларды тек бірінші сатыда қарастыратын жалғыз сот жүйесі болып табылады.

Алматы қаласының Мамандандырылған қаржы сотына шетелдік компания өкілдері де араласа алатындықтан, ондағы іс жүргізу мемлекеттік және орыс тілдерімен қоса ағылшын тілдерінде де жүргізіледі.

Алматы қаласы Мамандандырылған қаржы сотының юрисдикциясы экстерриториалдық сипатта. Ол Қазақстан Республикасының барлық территориясын қамтиды.

Қаржылық сотты құру қажеттілігі АӨҚО қатысушылары үшін сот ісін барынша жеңілдету мақсатында туындады. Қаржылық соттың іс жүргізу мәселесінде тілдік барьердің болмауы себебінен, қаржылық, салықтық стипаттағы даулар тиімді шешіледі, яғни ол брокерлік/дилерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты азаматтық істер. Алайда, аталған сот мұнымен қоса, жер, еңбек дауларын, келісімшарт міндеттемелері жөніндегі дауларды қарастырады, тек айта кететін жайт, аталған даудағы тараптардың бірі АӨҚО қатысушысы тарапынан болулары тиіс.

Аталған сотқа ұқсас қаржы соты дүние жүзінде санаулы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаржылық сот қызметкерлерін шетелдің қаржы және коммерциялық соттарында (Лондон, Дубай, Малайзия және т. б.) оқытуды жоспарлап отыр.

Жалпы төрешілер құрамы жоғары кәсіби мамандардан тұрғандықтан, Алматы қаласындағы Мамандандырылған қаржы соты кез-келген даулы өтініштерді қабылдауға және азаматтық сот жүргізу тәртібі бойынша қарастыруға дайын.

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz