Кері байланысІздеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  Агенттік туралы  >  Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету

Заңдық тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)

Қаржы орталығының қатысушысы болуға ниет білдіруші субъектілерге заңдық тұлға статусы мемлекеттік тіркеу арқылы беріледі. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде мемлекеттік тіркеуге брокерлік және дилерлік қызмет түрін көрсететін заңдық тұлғалар кіреді. Тіркеудің басты мақсаты — АӨҚО қатысушылары, яғни заңдық тұлғалар қызметінің құрылу, қайта құрылу және тоқтатылуын куәландыру. Заңдық тұлғаны мемлекеттік тіркеудің басты шарты — Алматы қаласы территориясында заңдық тұлғаның үнемі қызмет етуші органының болуы. Мемлекеттік тіркеудің мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Қызмет түрі ақылы. Мемлекеттік тіркеу процедурасы аяқталғаннан кейін заңдық тұлға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін, сатистикалық картасы мен салық төлеу куәлігін алады.

 

АӨҚО қатысушыларын аккредиттеу

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредитациядан өту — заңдық тұлғаларға АӨҚО қатысушысы статусын берудің бір тәсілі, ол ҚРА АӨҚО Төрағасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 бұйрығымен бекітілген АӨҚО қатысушысы ретінде аккредиттеу Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Аккредиттеудің мақсаты — АӨҚО қатысушысы ретінде қызмет ету мақсатында брокерлік және (немесе) дилерлік ұйымдардың құқығын ресми түрде тану. Қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттелуге брокерлік және дилерлік қызмет көрсетуші субъектілер жатады. Аккредиттеу мерзімі — 1 жұмыс күні. Аккредиттеу аяқталысымен,заңдық тұлғаға өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттелгендігі туралы куәлік беріледі.

 

ҚР территориясына келуші шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру туралы қолдаухат

Аталған қызмет түрі Қазақстан Республикасы территориясына АӨҚО қызметін атқаруға келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен қатар шақырушы тарап болып табылатын АӨҚО қатысушыларына беріледі. АӨҚО жұмысы үшін шетелдік мамандарды тарту халықты қамсыздандыру саласындағы өкілетті органнан арнайы рұқсат алуды талап етпейді. Сонымен қатар, мұндай мамандар саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайын бекітетін шетелдік жұмыс күшін тарту квотасына жетпейді. Агенттік, аталған тұлғалардың өтініштерін қарастырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментіне виза беру жөнінде жазбаша қолдаухат ресімдейді. Қолдаухатты ресімдеу мерзімі 3 жұмыс күні. Қызмет түрі тегін.

 

Аудит шығындарының орнын толтыру

Аудит шығындарының орнын толтыру қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңында орналастырған, бұған дейін қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары бойынша қаржы есептілік аудитін жүргізбеген эмитенттерге өткізіледі. Мемлекеттік қызметтің аталған түрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 523 қаулысымен бекітілген, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудит шығындарының орнын толтыру Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Эмитенттердің аудит шығындарының орнын толтыру өтініш берілген жылдың келесі жылының бірінші ақпанынан айлық төлем көрсеткіші 12 000 сома көлемінде жүзеге асырылады. Құжаттарды қарастыру мерзімі — 15 жұмыс күні. Қызмет түрі тегін.

 

АӨҚО қатысушылары құжаттарын аудару

АӨҚО қатысушылары үшін аударма қызметі ұсынылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен байланыс орнату үшін немесе оларға ағылшын тілінде дайындалған құжаттарды тапсыру үшін, АӨҚО қатысушылары Агенттікке аталған құжаттарды мемлекеттік не орыс тілдеріне аудару жөнінде өтініш тапсыра алады. Қызмет көрсету мерзімі жеті жұмыс күні. Қызмет түрі тегін.

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz