Кері байланысІздеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  Өңірлік қаржы орталығы  >  АӨҚО даму бағдарламасы

АӨҚО даму бағдарламасы

2005 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі қазіргі кезде отандық қаржы институттары үшін орталық болып отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру туралы шешім қабылдаған болатын. Қазақстан Республикасының қаржы секторының ТМД елдерімен салыстырғанда дамуының озықтығы, жалпы ішкі өнім құрамында қаржы қызметтерінің үлесінің және ішкі жинақтардың тұрақты өсімі, ТМД елдеріне қаржылық капиталдардың экспансиясының басталуы мен қаржы сферасында мамандар құрамының қалыптасуы жоғарыда аталған шешімді қабылдаудың себептеріна айналды. Қазақстан Республикасы экономикасының диверсификациясы, әлемдік экономикаға кірігуі мен бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру процесінде қаржы орталығын құру шешуші мәселелердің бірі болып табылады.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының құрылуы мен тиімді функциялауы қаржы секторын әрі қарай дамытумен және ең алдымен отандық бағалы қағаздар нарығының дамуымен тығыз байланысты. Осыған байланысты қаржы орталығын дамыту бағдарламасын брокерлік және дилерлік ұйымдардан құралатын халықаралық қатысушылардың және институционалды инвесторларды тарту мен отандық бағалы қағаздар нарығын әрі қарай дамытуға бағдарланған өңірлік ауқымдағы бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құрудың орташа мерзімдік стратегиясы ретінде анықтауға болады. Бұл нақты экономика қажеттіліктерін қаржыландырып отандық қаржы капиталының шетелге экспансиясына жағдай жасау үшін капитал нарығында ауқымды қаражат түзуге мүмкіндік береді.

 

Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының 2010 жылға дейінгі даму бағдарламасы

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz