
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
Өңірлік қаржы орталығы
>
Қатысушылар
ҚатысушыларҚаржы орталығының қатысушылары қатарына Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қыметін реттеу жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган берген мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік немесе қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттелу туралы куәлікке ие, сонымен қатар Қазақстан Республикасы қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын қадағалау және реттеу агенттігі берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары жатады. Қаржы орталығының қатысушылары қатарына банктер, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, жинақтаушы зейнетақы қорлары енбейді. Қаржы орталығының қатысушысы статусын алу үшін заңдық тұлғаның Алматы қаласы территориясында үнемі қызмет етуші органының болуы қажет.
Кәсіби қатысушылар жүзеге асыратын қызмет түрлері: - брокерлік қызмет - дилерлік қызмет - бағалы қағаздарды басқару қызметі - өзара міндеттерді анықтау қызметі (клиринг) - депозитарлық қызмет - бағалы қағаздар иелерін тіркеуді жүргізу қызметі - бағалы қағаздар нарығында саудаластық жүргізу қызметі
|