Кері байланысІздеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  Ақпараттық - сараптамалық материалдар  >  Жаңа қаржы құралдары

Жана қаржы құралдары

АӨҚО-да капитал нарығына арнап бағалы қағаздардың жаңа түрлерін шығару жөнінде шарттар жасалды. Бағалы қағаздардың жаңа түрлерін айналымға енгізу ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдікті диверсификациялануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар нарық өтімділігін арттырып, жеке инвесторларды белсенді тартуға жол ашады.

2009—2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру шеңберінде Агенттік қаржы құралдарын ендіруге қатысты нақты жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта Агенттік аталған жылдың маусым айында күшіне енген жаңа листинг ережелерін жасап шығарды. Жаңа листинг талаптарына сәйкес, айналымға жіберілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар спектрі акциялар және борыштық бағалы қағаздар секілді екі негізгі топтарға бөлінді. Сонымен қатар ұсынылатын қаржы құралдарының қатары артты пайлық инвестициялық қорлар, индекстік қорлар, туынды бағалы қағаздар, борыштық бағалы қағаздар), отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялаудың аса кең мүмкіндіктері пайда болды. Бағалы қағаздардың жаңа түрлерінің айналымға жіберілмесі сонымен қатар инвесторларға бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға қатысты тәуекелдерді хеджирлеуге, мүмкіндік береді.

Мәселен, Орталық-азия аймақтарында шетелдік инвесторларды тарту мен индекстік қорларды, деривативтер нарығын құру мақсатында құрамында орталық-азия аймақтарындағы компаниялардың акциялары бар  Renaissance Capital Central Asia Equity Index (RENCASIA, www.centralasia.rencap.com) жаңа индексі енгізілді. Осыған байланысты, Ресейдің туынды бағалы қағаздар нарығы дүниежүзіндегі ең жылдам дамуышы нарық болып танылды.

Сонымен қатар, отандық қор нарығына жаңа қаржы құралдарын енгізу жөніндегі Агенттіктің өткізген шаралары нәтижесінде Қазақстанда алғаш рет жылжымалы мүліктің инвестициялық трасты енгізілді: ағымдағы жылдың маусым айында «АИФН „Великая стена“ АҚ 12 266 қарапайым акцияларын 1,472 млрд. теңге сомасына орналастырды.

Сондай-ақ, ислам қаржыландыруын ендіру бойынша қажетті шарттар құру үшін Агенттік Қазақстан Республикасының әрекет етуші банктік заңнамасына, салық заңнамасына, және Азаматтық кодекстің жалпы нормаларына өзгерістр енгізу жөнінде ұсыныстар берді. Мұнымен қоса, биржалық сауданың тауарлар арқылы (астық, мақта, ет және т. б.) белсенділігін арттыру мақсатында, АӨҚО базасында тауар биржасын ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде: Агенттік астықтарға фьючерстер бойынша мәмілелер жүргізу, және бағалы металлдар нарығын жандандыру үшін биржалық алаңдарды құруға қатысты қызмет атқаруда.

Қазіргі уақытта секьюритизацияланған активтер, фьючерстер, инвесторлардың ауқымды көлемі үшін тиімді опциондар секілді жаңа қаржы құралдарын ендіру мен жасау жоспарлануда.

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz