Кері байланысІздеу
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  Алматы - оңтүстік астана  >  2011 жылғы қысқы Азия ойындары

2011 жылғы қысқы Азия ойындары

Қысқы Азия ойындары Жазғы олимпиадалық ойындармен салыстырғанда, қысқы олимпиадалық ойындар бертінде, атап айтсақ, 1986 жылы басталған. Қысқы олимпиадалық ойындарды күні бүгінге дейін тек Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдер ғана ұйымдастырып келген. Ең алғашқы ойын жапондық Саппорода 1986 жылы басталған. Оған әлемнің жеті елінен командалар сайысқа түскен.

Алғашқы ойын бағдарламасы жеті түрлі спорт түрін қамтыған. Сол жылы ойын жеңімпазы болып 29 алтын медальды иемденген Жапония командасы атанды.

Екінші ойын тағы Саппорода өтті. 1990 жылғы ойында он спорт түрі қарастырылды. Бұл жолы да жапондық спортшылар 18 алтын медальға ие болды.

Үшінші қысқы Азия ойындары 1996 жылы қытайлық Харбинде өтті. Жыл сайынғы командалар қатарына сол жолы Қазақстан мен Өзбекстан командалары да қатысты. Осы жолы қазақстандықтар қытайдан кейінгі екінші орынға ие болды.

Келесі ойын 1999 жылы оңтүстік Кореяның Кангвон провинциясында өтті. Бұл жолы қытайлықтар басымдық танытты. Ал қазақстандық команда үшінші орынға иеленді.

Бесінші ойын 2003 жылы Жапонияда, Аомориде өтті.

Алтыншы қысқы Азия ойындары 2007 жылы қытайлық Чангунде өтсе, ал 2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында Алматы қаласында өтпек.

 

2011жылы болатын қысқы Азия ойындары барысында 11 спорт түрі сайысқа түсіп, 59 комплект медаль жасалмақ. Аталған ойынға әлемнің 17 елінен 800-ден астам спортшылар, 700 жаттықтырушылар, 1000 БАҚ өкілдері, 700 волонтерлер, 1500 қызмет көрсетуші тұлғалар, 60 мыңға жуық туристер қатысады деп жоспарлануда.

 

Алматы қаласы Әкімдігі, Ұлттық Олимпиада комитеті, Туризм және спорт министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Транспорт және коммуникация министрлігі, Ортаған қоршаны қорғау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрліктері өкілдерінен тұратын жұмыс тобы бүгінде спорттық кешендердің құрылысы мен инфрақұрылымдарына, қажетті шығындар мөлшеріне қатысты бірқатар жұмыстар жүргізуде.

Осыған сәйкес, 15 мың көрерменді қамтитын ерекше Спорт сарайын салу жоспарлануда. Яғни онда хоккей, коньки, воллейбол, баскетбол, гандбол, кіші-футбол, жекпе-жек, гимнастика спорт түрлерінен сайыстар өтетін болады.

Сонымен қатар шаңғы, және биатлонды стадиондар, шаңғымен секіруге арналған трамплиндер салынбақ, «Медеу» спорт кешені мен Б. Шолақ атындағы спорт сарайы қайта жөндеуден өткізіледі. Қаражаттың жарты бөлігі транспорттарға, олимпиада қалашығын салуға, техникалық-экономикалық және жобалық құжаттарды даярлауға арналады.

215,4 млн. АҚШ доллары сомасы құрылыс алаңдарын белгілеуге, оларды электр және сумен қамсыздандыруға, сонымен қатар 2011 жылғы Азия ойындарының ашылысы мен жабылысына жұмсалмақ.

Инвесторлардың 480 млн. АҚШ долларын таушаңғы спорт орталығы мен олимпиадалық қалашыққа бағыттау жоспарлануда.

Спорт объектілердің қарқынды құрылысы мен қайта жөндеуден өтуі Алматылықтар үшін Азия ойындарын ең биік дәрежеде өткізулеріне жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар алдағы уақытта қазақстандық спортшылардың халықаралық деңгейдегі олимпиадалық сайыстарға дайындалып, қатысуларына орасан зор мүмкіндік бермек.

 

 *Толық ақпарат Алматы қаласының ресми веб-сайтында www.almaty.kz

 

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz