Кері байланысІздеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  Өңірлік қаржы орталығы  >  Аудиторлық ұйымдар  >  Аудиторлық ұйымдарға арналған біліктілік талаптары

Аудиторлық ұйымдарға арналған біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы

Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының

қызметін реттеу агенттігі Төрағасының

2008 жылғы 3 сәуірдегі

№ 04,2—09/78 бұйрығымен

Бекітілген

Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қаржы құралдарының енуі үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары

1. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізіміне «акция» секторының бірінші санаты бойынша акциялары, ал «борыштық бағалы қағаздар» секторының бірінші санаты бойынша рейтингтік бағасы бар және рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары енгізілген немесе енгізілуі жобаланған эмитенттердің жыл сайынғы аудитін өткізу үшін, аудиторлық ұйым келесі талаптарға сай болуы қажет:

1) аудиторлық ұйымның халықаралық есепшілер федерациясының мүшесі немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйым мүшесі екендігін растайтын құжаттың болуы;

2) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің болуы;

3) халықаралық есепшілер федерациясының мүшесі немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның оң шешімін растайтын: аудиторлық ұйым қызметінің халықаралық стандарттарына және ақпарат сенімділігін растайтын тапсырмаларға сәйкестігін; сыртқы сапа бақылауын өткізу нәтижесінде аудиторлық ұйымның этика Кодексін сақтауы.

4) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімінің үш жылдан кем болмауы;

5) емтиханды сәтті тапсырғандығы мен оқудан (біліктілігін көтеруді) өткендігін растайтын құжаттарға сәйкес, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған кемінде үш маманның болуы;

6) қаржы есептілігінің және аудиттің халықаралық стандартына сәйкес аудиттік тексеруден өткен кемінде он бес ұйымның болуы (аудиторлық есептердің көшірмелерімен ұсынылуы);

2. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізіміне «борыштық бағалы қағаздар» секторының екінші санаты бойынша рейтингтік бағасы бар және рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары мен «акция» секторының екінші санаты бойынша акциялары және «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының бағалы қағаздары енгізілген немесе енгізілуі жобаланған эмитенттердің жыл сайынғы аудитін өткізу үшін аудиторлық ұйым келесі талаптарға сай болуы қажет:

1) аудиторлық ұйымның халықаралық есепшілер федерациясының мүшесі немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйым мүшесі екендігін растайтын құжаттың болуы;

2) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің болуы;

3) халықаралық есепшілер федерациясының немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның оң шешімін растайтын: аудиторлық ұйымның аудиттің халықаралық стандарттарына және ақпарат сенімділігін растайтын тапсырмаларға сәйкестігін; сыртқы сапа бақылауын өткізу нәтижесінде аудиторлық ұйымның этика Кодексін сақтауы.

4) аудиторлық қызметпен айналысу мерзімінің үш жылдан кем болмауы;

5) емтиханды сәтті тапсырғандығы мен оқудан (біліктілігін көтеруді) өткендігін растайтын құжаттарға сәйкес, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған кемінде үш маманның болуы;

6) қаржы есептілігінің және аудиттің халықаралық стандартына сәйкес аудиттік тексеруден өткен кемінде он ұйымның болуы (аудиторлық есептердің көшірмелерімен ұсынылуы).

3. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ресми тізіміне акциялары «акция» секторының үшінші санаты бойынша және басқа да бағалы қағаздары енгізілген немесе енгізілуі жобаланған эмитенттердің жыл сайынғы аудитін өткізу үшін, аудиторлық ұйым келесі талаптарға сай болуы қажет:

1) аудиторлық ұйымның халықаралық есепшілер федерациясының мүшесі немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйым мүшесі екендігін растайтын құжаттың болуы;

2) аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру келісімінің болуы;

3) аудиторлық ұйым қызметінің аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкестігін куәландыратын және халықаралық есепшілер федерациясы немесе білікті аккредиттелген мемлекеттік органның резиденті болып табылатын кәсіби аудиторлық ұйымның оң шешімінің болуы;

4) емтиханды сәтті тапсырғандығы мен оқудан (біліктілігін көтеруді) өткендігін растайтын құжаттарға сәйкес, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған кемінде екі маманның болуы;

5) қаржы есептілігінің және аудиттің халықаралық стандартына сәйкес кредиттік тексеруден өткен кемінде бес ұйымның болуы (аудиторлық есептер көшірмелерімен ұсынылуы).

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz