Кері байланысІздеу
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  Ақпараттық - сараптамалық материалдар  >  Инвесторлар мен эмитенттер  >  Инвесторлар мен эмитенттер

Инвесторлар мен эмитенттер

1. Инвесторлар:

Соңғы жылдардағы жағымды инвестициялық климат Қазақстанда ауқымды инвесторлық базаның құрылуына негіз салды. Олардың қатарына коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, пайлық инвестициялық қорлар жатады.

2008 жылдың 1 қаңтарында коммерциялық банктердің жинақ активтері 11,6 трлн. теңгені, зейнетақы қорларының активтері — 1,2 трлн. теңгені, сақтандыру компаниялары — 0,2 трлн. теңгені, пайлық инвестициялық қорлар активтері — 0,19 трлн. теңгені құрады. 2007 жылы акциялар бойынша сату-сатып алу операцияларына қатысты жеке инвесторлар үлесі 31,7 пайызды, ал ұжымдық облигациялар бойынша 13,5 пайызды құрады. Мұнымен қоса, Қазақстан қор биржасында шетелдік инвесторлар өте көп: 2007 жылы шетелдік инвесторлардың ұжымдық бағалы қағаздармен сауда жиынтығы 11,9 пайызды құрады. Агенттік қор нарығында Қазақстан Ресбуликасы тұрғындарының қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында нарықты едәуір түсінікті әрі тиімді жасауға тырысуда.

Осыған байланысты Агенттік тарапынан студенттер, мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті атқарушы органдар, аймақтық және республикалық БАҚ өкілдеріне семинарлар өткізілуде.

Бұл «АӨҚО» АҚ тарапынан «Қазпошта» АҚ трансфер-агенттік желісі негізінде Ақпараттық-білім орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады. Халықты қор нарығы тақырыбына қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін жедел байланыс жүйесі қызмет атқарады.

 

2. Эмитенттер:

АӨҚО-да түрлі компаниялардың қор нарығына шығуына жағдай жасалған. Маркетингтік шаралар барысында Агенттік көптеген жаңа эмитенттерді тартуда. Әсіресе республика аймақтары мен шетел мемлекеттеріне аса ерекше назар аударылған.

Аймақтарда эмитенттерге арналған қор нарығы артықшылықтары, жаңа листингтік талаптар туралы семинарлар жиі өткізіледі.

Тиімді жұмыс нәтижесінде эмитенттердің сандық және сапалық құрамы артты. 2005 жылы эмитенттер саны 94-і құраса, 2007 жылы- 126-ға жетті. Эмитенттердің жалпы құрылымында «А классты» компаниялар үлесі артты. 2008 жылдың бірінші жарты жылдығы нәтижесінде KASE-де листингтен өткен эмитенттер саны 135-ті құрады.

2007 жылы қор нарығына мынадай ірі отандық компаниялар шықты: «Казахстанская дистрибуционная компания» АҚ, «Абди» АҚ, «САС» АҚ, «Эль-Дос» АҚ, «Логиком» АҚ, «Илийский картонно-бумажный комбинат» АҚ, «Аэропорт „Сары-Арка“ АҚ.

2007 жылы мемлекеттік компаниялар тарапынан жаңа эмитенттер пайда болды: «Қазақтелеком» АҚ мен «Фонд развития малого предпринимательства» АҚ. Бүгінгі таңда мемлекеттің қатысуы бар 17 компания қор нарығында жұмыс жасауда. Сонымен қатар ҚР Үкіметі тарапынан 2008 жылы мемлекеттік қатысуы бар 24 ұйымның листинг процедурасынан өтуі бекітілді.

 

Бағалы қағаздары қор нарығында айналымға түскен мемлекеттік қатысуы бар ұйымдар тізбесі

1. «Астана-Финанс» АҚ

2. «Казахстанская ипотечная компания» АҚ

3. «Казахтелеком» АҚ

4. «Алматыэнергосбыт» АҚ

5. «Агентство Хабар» АҚ

6. Eurasian Natural Resources Corporation PLC

7. «Мангистауская распределительная электросетевая компания» АҚ

8. «Разведка Добыча „КазМунайГаз“ АҚ

9. «Аграрная кредитная корпорация» АҚ

10. «Национальная компания „Продовольственная контрактная корпорация“ АҚ

11. «Ульбинский металлургический завод» АҚ

12. «Банк развития Казахстана» АҚ

13. «Досжан темір жолы(ДТЖ)" АҚ

14. «КазАгроФинанс» АҚ

15. «Кедентрассервис» АҚ

16. «Алматинский ликеро-водочный завод» АҚ

17. «Kazakhstan petrochemical Industries» АҚ

 

ҚР Үкіметі тарапынан бекітілген 2008 жылы листинг процедурасынан өтуі тиіс мемлекеттік қатысуы бар ұйымдар тізбесі

1. «Специализированное охранное подразделение „Күзет“ (Алматы)

2. «Медицинская служба транспорта» (Алматы)

3. «Казахский университет международных отношений и мировых языков им. Абылай хана» (Алматы)

4. «Казахский гуманитарный юридический университет» (Астана)

5. «Казахвзрывпром» (Алматы).

6. «Национальный центр Кұрылысконсалтинг» (Астана)

7. «КазАвтоТранс» (Астана)

8. «Казахская академия спорта и туризма (Алматы)

9. «СПК» «Сары-Арқа» (Астана)

10. «Жезказганский университет им. Байконурова» (Жезқазған)

11. «Казахская академия транспорта и коммуникаций им. М. Тынышпаева» (Алматы)

12. «Казахская головная архитектурностроительная академия» (Алматы)

13. «Женіс» (Алматы).

14. «Лесной питомник " (Қарағанды обл. Тугускен ауылы)

15. " Алматинский институт энергетики и связи» (Алматы обл)

16. «Карагандинская полиграфия» (Қарағанды)

17. «Санаторий Арман» (ОҚО, Көктерек ауылы)

18. «Академия гражданской авиации» (Алматы).

19. «Санаторий Арка» (Астана)

20. «Авиакомпания „Джезказган Эйр“ (Жезқазған)

21. «Казак әуендері» (Астана)

22. «Управление по обслуживанию дипломатического корпуса» (Алматы).

23. «Баспалар үйі» (Алматы).

24. «Казахстанский фонд гарантирования ипотечных кредитов» (Алматы).

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz