Кері байланысІздеу
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  Өңірлік қаржы орталығы  >  Құрылу тарихы

Құрылу тарихы

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру туралы жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келді. Аталған жоба жайында Елбасы алғашқы рет 1995 жылы өткен Қазақстандық банктер ассоцияциясының кездесуі мен 2004 жылдың қараша айындағы Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі барысында жариялады.

Жобаны жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға тікелей ат салысқан «Boston Consulting Group» компаниясы тартылды.

Компанияның негізгі міндеті Қазақстан қаржы нарығын дамытудағы артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтау, Алматы қаласында құрылған өңірлік қаржы орталығының құқықтық, инфрақұрылымдық, басқарушылық позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Қазақстан Республикасында қаржы секторын дамыту жөніндегі тапсырма Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы» атты жолдауында анықталды.

Сонымен қатар, Орта Азия аймағындағы басты қаржы орталық ретінде Алматы қаласының дамуына ерекше көңіл бөлінді. Осыған сәйкес, ірі аймақтық бизнес-жобалар үшін қаржы және сақтандыру қызметі мен қарыздар беруде ірі қаржы ұйымдарына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалынып, қаржы орталықтары қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілді.

2006 жылы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» № 145-ІІІ Заңына қол қойды.

Сол жылы қаржы орталығының өкілетті органы — Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі өз жұмысын бастады.

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz