
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
Инвестор әліппесі
>
АӨҚО Ақпарат-білім орталықтары
АӨҚО Ақпарат-білім орталықтарыАӨҚО қызметі мен Қазақстан қор биржасының даму мәселесі бойынша аймақтық әлеуетті эмитенттер мен халықты оқыту мақсатында «Қазпошта» АҚ трансфер-агенттік секторлары негізінде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының ақпарат-білім орталықтарын құру келесі мемлекеттік Бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде пайда болды: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 27 маусымдағы қаулысымен бекітілген № 536 «2007—2007 жж. арналған Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржы сауаттылығын арттыру бағдарламасы». 2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылы 8 желтоқсандағы № 68 бұйрығымен бекітілген «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы». АӨҚО АБО-ның басты мақсаты жеке инвесторлар ретінде бағалы қағаздар нарығына жеке тұлғаларды тарту үшін халықтың қаржы білімін арттыру және оқыту жүйесін құру, аймақтық компаниялардың қор нарығына, атап айтсақ АӨҚО арнайы сауда алаңына шығуы бойынша мәселелерді түсіндіру. АӨҚО АБО қызметі: -аймақтық тұрғындарға бағалы қағаздар нарығының негіздерін оқыту бойынша қызмет көрсету; -аймақтық компаниялардың қор нарығына шығуы жөніндегі мәселелерді талқылау; -қор нарығы арқылы отандық компаниялардың капиталды инвестициялауы мен тарту тәсілі туралы ақпараттандыру; -өңірлік қаржы орталығы қызметі мен арнайы сауда алаңы туралы мәселелерді талқылау.
Ақпараттық-білім беру орталықтарының мекен-жайлары: (жұмыс кестесі: күн сайын — 11:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері — сенбі және жексенбі)
|