Кері байланысІздеу
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  ЖАҢАЛЫҚТАР  >  Наурыз айында Астанада Қазақстан-Фин бизнес-форумы өтеді

Наурыз айында Астанада Қазақстан-Фин бизнес-форумы өтеді

Парламент Мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов пен Финляндия Республикасының Қазақстандағы елшісі Микко Киннунен Астанадағы кездесу барысында қазақстандық-финдік әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.

Мәжіліс баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде М.Киннунен Финляндияның сыртқы сауда министрінің 3-5 наурыз аралығында Қазақстанға іс-сапармен келетінін және осы мерзімге жоспарланған қазақстандық-финдік бизнес-форум жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, Финляндия өкілдері мамыр айында Қазақстанда ЕҚЫҰ (ОБСЕ) қатысты өтетін форумға қатысуды жоспарлап отыр.

«Тараптар екі-жақты қарым-қатынаста парламентаралық қатынастың әлі нашар дамығанын атап көрсете отырып, 20 депутаттан тұратын парламенттік достық топтары деңгейінде ынтымақтастық мүмкіндігін қарастырды» делінген баспасөз қызметі хабарлауында.

Баспасөз қызметі ақпаратына қарағанда, ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан депутаттарының бір тобы Финляндияға ондағы әріптестерінің парламентаралық қатынас саласындағы тәжірибесін үйренуге жол жүруі мүмкін.

«Тараптар көпжақты байланысты жақсартатын заңнаманы қарқынды дамытуды да сөз етті», — делінген.

Елшінің қос салық салуды жоққа шығаратын екіжақты келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын қарастыруды жеделдету туралы қалауына жауап ретінде, спикер Мәжілістің тиісті барлық заңнамалық шараларды ақпан айының соңына дейін қабылдайтынын айтты.

Интерфакс-Қазақстан

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz