
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
ЖАҢАЛЫҚТАР
>
Қазақстан сауда процедураларын жеңілдетуде сәттіліктерге қол жеткізді
Қазақстан сауда процедураларын жеңілдетуде сәттіліктерге қол жеткіздіҚазақстан Бүкіләлемдік Банктің (ББ) LPI логистика тиімділігі көрсеткішінде 155 мемлекет ішінде 62 орынды иеленді. «Сөйтіп, Қазақстан 2007 жылғы зерттеумен салыстырғанда 71 орынға жоғарылады», сәрсенбі күні шығарылған Сауданы либерализациялау мен кедендік реформа ( RTLC ) жөніндегі USAID аймақтық жобысының баспасөз релизінде осылай жазылған. RTLC жобасын ББ Орталық Азия елдерінде зерттеу жүргізу мақсатында бастамалаған болатын. Логистика тиімділігі көрсеткіші тасымалдаушылар мен экспедиторлардың бүкіләлемдік сауалнамасына негізделген, мұнда олар жұмыс істейтін немесе әріптес елдердегі логистика саласының «жылы шырайлығы» бағаланады, делінген. Жалпы рейтинг елдегі логистикалық операциялардың тиімділігі мен сапалылығының алты индикаторынан тұрады, оның ішінде кедендік рәсімдеу процедураларының, жүк тасымалдануының және халықаралық тасыалдауды ұйымдастырудың бағалануы бар. Баспасөз релизіне сәйкес, жауап берушілердің 83% жекеменшік секторының логистикалық қызметінің, 57% -тауарды кедендік рәсімдеу процедулараның жақсарғанын атап көрсетті, 64% импорттың әрқашан мерзімінде рәсімделіп, жеткізілетінін айтқан. Осыған қоса, респонденттер жемқорлыққа байланысты, кедендік рәсімдеудің ашықтығының жоқтығы мәселелерін көтерді. «Тасымалдаушылардың импортты рәсімдеу үшін орташа есеппен бес түрлі мемлекеттік органдармен соқтығысуына тура келеді. Рәсімдеу процесін ұзартатын физикалық тексеру орташа табыс деңгейі бар басқа елдерге қарағанда екі есе жиі кездеседі. Респонденттер жауаптарына қарағанда, өнім берушілердің 42% физикалық тексеруден өтеді, жүктің 21% бір реттен көп тексеріледі», делінген баспасөз релизде. USAID, ББ есебін пайдалана отырып, Қазақстанға сыртқыэкономикалық қызмет қатысушыларына арналған «бір терезе» жүйесін құруға көмек етеді, бұл Қазақстанның әлемдік саудадағы бәсекеге қабілеттілігін артырады. RTLC жобасы Қазақстан мен АҚШ үкіметі арқылы қаржыландырылады; жоба 2011 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істейді. Жобаны «The Services Group» жүзеге асырады. |