Кері байланысІздеу
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  ЖАҢАЛЫҚТАР  >  Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша “KazPrime” индикаторы 83 базалық пунктке төмендеп, жылдық 1,80 пайызды құрады

Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша “KazPrime” индикаторы 83 базалық пунктке төмендеп, жылдық 1,80 пайызды құрады

Қазақстан қор биржасындағы 2010-жылғы 25 ақпандағы фиксинг қорытындысы бойынша “KazPrime” индикаторы 83 базалық пунктке төмендеп, жылдық 1,80 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұрын хабарлағанымыздай, “KazPrime” индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.

“KazPrime” индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі — 150 млн теңге.

“KazPrime” индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір “АТФБанк”АҚ, “Қазкоммерцбанк” АҚ, “Қазақстанның халықтық жинақ банкі” АҚ, “HSBC Банк Қазақстан” АҚ ЕБ, “”RBS (Kazakhstan)” Еншілес банкі” АҚ, “ЦентрКредит Банкі” АҚ біріккен.

 

BNews.kz

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz