
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
ЖАҢАЛЫҚТАР
>
ҚМГ БӨ KASE-дағы өзінің артықшылықты акцияларын сатып алу бағдарламасын жариялады
ҚМГ БӨ KASE-дағы өзінің артықшылықты акцияларын сатып алу бағдарламасын жариялады«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу бағдарламасының бекітілгенін жариялады. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Компания артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасын 4,136,107 акцияға дейін мөлшерде (яғни, Компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санының 100%-на дейін), қарапайым акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарды сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты Компанияның жұмсаған шығындарын алып тастағанда, Директорлар кеңесі шешім қабылдаған күндегі Компанияның өзіндік капиталының 10%-нан аспайтын сомада «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның («KASE») ресми тізіміне енгізілгеннен кейін жүзеге асыруға ниеттеніп отыр. Компания артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасын KASE-да жүргізетін болады. Сатып алу бағдарламасы KASE-нің талаптарына сәйкес, жүйелі түрде 30 күндік мамандандырылған жеке-дара сауда серияларын өткізу әдісімен жүргізілетін болады. Осы бағдарлама 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп күтілуде. Келесі хабарландыру Компанияның артықшылықты акциялары KASE-нің айналымына жіберілгеннен кейін жасалатын болады. Компания сондай-ақ әрбір мамандандырылған сауда сериясына дейін және содан кейін сауда жүргізу талаптары мен сауда нәтижелері туралы хабарландыру жариялайтын болады. Сатып алу бағдарламасы мен листинг артықшылықты акцияларды ұстаушыларға құнды қағаздардың ашық әрі неғұрлым өтімді рыногында сауда жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының басым көпшілігін, Компанияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда, 30 мыңнан астам адам иеленіп отыр.
АНЫҚТАМА: ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2009 жылы 11,5 млн. тоннаны (тәулігіне 232 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2008 жылдың соңындағы жағдай бойынша 241 млн. тоннаны (1,8 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,1 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2009 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ-нің несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде растады, ал 2009 жылдың желтоқсанында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін берді.
Байланыстық ақпарат: «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600) Дәулет Жұмаділ e-mail: pr@kmgep.kz «ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433) Әсел Қалиева e-mail: ir@kmgep.kz Pelham PR ( +44207 337 15 17 ) Елена Добсон e-mail: EDobson@pelhambellpottinger.co.uk
Болашаққа қатысты мәлімдеме Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды |