Кері байланысІздеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  АӨҚО ОҚИҒАЛАРЫ  >  10-11 наурызда Алматы қаласында «Қазақстандық қаржы форумы» өтеді

10-11 наурызда Алматы қаласында «Қазақстандық қаржы форумы» өтеді

«Қазақстандық қаржы форумы» 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол Қазақстанның қаржы нарығына арналған аса ірі іс-шаралардың бірі болып саналады. Конференцияның басты қатысушылары – қазақстандық брокерлік және басқарушы компаниялар, банктер, зейнетақы қорлары, мемлекеттік органдар өкілдері. Конференцияға сонымен қатар Ресей, ТМД және алыс шетелдерден делегаттар қатысады.

2010 жылы конференция екі күн бойы жүргізілмек. Осы жолы үйреншікті бағалы қағаздар нарығы туралы тақырыппен қоса, тауар нарығы, private equity инвестициялары жөнінде де сөз қозғалмақ. Екінші күні конгресс шеңберінде «ТМД елдеріндегі ислам қаржыландыруын дамыту» атты арнайы конференция ұйымдастырылады.

«Қазақстан Республикасының қаржы нарығы»

§ Мемлекеттік саясат пен қаржы реттеушілерінің әсері

§ Әлемдегі және Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай

§ Қазақстанның акциялар мен облигациялар нарығындағы жағдай

§ Қазақстанның ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту

§ Қазақстанда ұйымдастырылған тауар нарығын дамыту

§ Қазақстанда private equity және венчурлық инвестициялауды дамыту

Екі күндік конференцияға қатысу құны 500 АҚШ долларын құрайды. Ұжымдық эмитенттер үшін аталған шараға қатысу құны 450 АҚШ долларын құрайды. 01 ақпанға дейін тіркелгендер үшін 10 пайыз жеңілдік көрсетіледі. Бір мекемеден 2 немесе одан да көп адам қатысқан жағдайда қосымша 5 пайыз жеңілдік беріледі. 2009 жылғы қатысушылар үшін жеңілдік көлемі — 5 пайыз. Іс-шара бағдарламасына: үлестірме материалдары, кофе-брейктер мен ланчтар кіреді. Қонақүйге орналастыру әр адамның өз есебінен жүргізіледі.

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz