Кері байланысІздеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  АӨҚО ОҚИҒАЛАРЫ  >  1 наурыздан бастап АӨҚО АБО өз жұмысын қайта бастады

1 наурыздан бастап АӨҚО АБО өз жұмысын қайта бастады

2010 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында АӨҚО Ақпараттық-білім беру орталықтары (АӨҚО АБО) қайта қызмет көрсетуде. Онда кез-келген адам үшін тегін семинарлар өткізіліп, бағалы қағаздар нарығы мен қаржы қызметтеріне қатысты кеңестер беріледі.

Оқыту қызметі халықтың қаржылық білімін арттыру мен қор нарығына компаниялардың шығуына қатысты дайындығын түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 11.00 мен 20.00-дің аралығы (түскі демалыс 14.00-ден 15.00-ге дейін), ал сенбі күндері 10.00-ден 13.00-ге дейін. Компаниялар, ұйымдар, оқу орындары және т.б. үшін тегін семинарлар өткізуге қатысты өтінімдер қабылданады, сондай-ақ облыс орталықтарында. Толық ақпаратты АӨҚО-ң 8 800 080 0177 тегін тікелей байланыс телефонына хабарласу арқылы білуге болады.

 

Ақпараттық-білім беру орталықтарының мекен-жайлары:

(жұмыс кестесі: күн сайын — 11:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері — сенбі және жексенбі)

Қала мекен-жайы Байланыс
1 Астана Әуэзов к-сі, 13 үй (конференц-зал) (7172) 33-33-71
2 Алматы Бөгенбай батыр к-сі, 134 үй (конференц зал) (727) 272-67-54, 259-06-74 
3 Көкшетау Абай даңғылы, 108 үй, 328 кең. (7162) 25-22-23
4 Ақтөбе Әбілхайыр хан к-сі, 62 үй (конференц-зал) (7132) 51-41-80
5 Талдықорган Тәуелсіздік к-сі, 53 үй (конференц зал) (7282) 21-29-66
6 Атырау Баймұханов к-сі, 70а үй (конференц зал) (7122) 36-35-63
7 Өскемен Крылов к-сі, 47 үй (конференц-зал) (7232) 25-07-33
8 Семей Уранхаев к-сі, 48 үй, 8 кең. (7222) 52-69-82
9 Тараз Төле би к-сі, 79 үй (конференц-зал) (7262) 45-10-37
10 Орал

Аманжолов к-сі, 104/1 үй, 305 кең. 

(7112) 51-14-95
11 Карағанды Бейбітшілік к-сі, 31 үй (конференц-зал) (7212) 56-27-52
12 Қызылорда Мұратбаев к-сі, 38 үй (конференц-зал) (7242) 23-62-82
13 Қостанай әль-Фараби даңғылы, 69 үй, 213 кең. (7142) 54-94-03
14 Ақтау 14 ықшамауд., «Звезда Актау» Бизнес Орталығы (конференц-зал) (7292) 42-66-40
15 Павлодар Академик Сәтпаев к-сі, 50 үй, 211 кең. (7182) 32-07-68
16 Петропавл Бейбітшілік к-сі, 122 үй (конференц-зал) (7152) 46-05-68, 46-54-43
17 Шымкент Қазыбек би к-сі, 24 үй (конференц-зал) (7252) 53-73-28

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz