
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
АӨҚО ОҚИҒАЛАРЫ
>
АӨҚО Академиясы ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап АССА ДипИФР Бағдарламасы бойынша оқу топтарын жинақтайды
АӨҚО Академиясы ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап АССА ДипИФР Бағдарламасы бойынша оқу топтарын жинақтайдыҚазақстанда соңғы уақытта қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын (ҚЕХС) белсенді түрде енгізуде. Қаржы есептілігімен айналысатын мамандардың сәтті жұмысы үшін олардың білімін арттыру қажет. ҚЕХС жөніндегі АССА дипломы (АССА ДипИФР) – ҚЕХС жасақтау мен дамытуға ат салысатын ант беріп сертификатталған есепшілер қауымдастығы (АССА) халықаралық ұйымымен әзірленген ҚЕХС жөніндегі халықаралық деңгейде танылған біліктілік.
АССА ДипИФР бағдарламасының мақсаты Аталған бағдарлама ұлттық стандарттар бойынша есептілікті құру мен тексеру дағдысына ие есепшілер мен аудиторлар үшін жасалған. Бағдарлама ҚЕХС жөніндегі есептілікті құру дағдысын үйретуге және АССА тарапынан аккредиттелген маман болуға көмектеседі. ДипИФР дипломын алу үшін үміткер орыс тіліндегі біліктілік емтиханын тапсыруы қажет. Емтихан жылына 3 рет белгіленген уақытта барлық емтихан орталықтарында бір уақытта өткізіледі. АӨҚО Академиясы 2010 жылдың наурызынан бастап АССА ДипИФР (орыс т.) дипломын алу үшін емтихан тапсыруға ізденушілер дайындығын бастайды.
АӨҚО Академиясының бұл бағытта: - Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарының концептуалдық негіздерін; - Тәжірибелік қызметте ҚЕХС қолдануды; - ҚЕХС талаптарына сәйкес қаржы есептілігн дайындауды оқытады.
АӨҚО Академиясының дайындық бағдарламасының уақыты – 90 академиялық сағат және өзіндік жұмыс үшін кемінде 160 сағат. Аудиториялық сабақтар 3 модульге бөлінген.
«ДипИФР-рус» бағдарламасы бойынша дайындық 3 ай көлемінде жүргізіліп келесі модульдерден тұрады:
Модуль 1 1. 25,26,27 наурыз күні 9,30-дан 17,30-ға дейін өтетін 3 күндік кіріспе семинары 2. Семинар аяқталғаннан кейін семинарда алынған материалдарды бір ай ішінде өз бетінше жетілдіру, пратикалық тапсырмаларды шешу.
Модуль 2 1. 21 сәуірден 24 сәуірге дейін 9,30-дан 17,30-ға дейін өтетін 4 күндік семинар 2. Семинар аяқталғаннан кейін – бір ай ішінде семинардан алынған материалдарды өз бетінше жетілдіру, практикалық тапсырмаларды шешу.
Модуль 3 1. 26,27,28 мамырда 9,30-дан 17,30-ға дейін өтетін 3 күндік қортынды семинар. Өткен материалдарды қайталап, кешендік сұрақтарды шешудегі емтихандық техникамен таныстыру. 2. Семинар сынақ емтиханымен аяқталады.
Қорытынды кезеңге сонымен қатар АССА ДипИФР-рус біліктілік емтиханы мен емтиханды сәтті тапсырған кандидаттарға біліктілікті тағайындау кіреді. Бағдарламаны оқу барысында үміткерлер ДипИФР біліктілік емтиханын тапсыру үшін тіркелуіне болады. Емтиханға тіркелу емтихан тапсыру мерзіміне дейін кемінде бір ай бұрын аяқталады. Емтихан сұрақтары АССА-да жасақталады. Қауымдастық сонымен қатар емтихан барысында барлық талаптардың сақталуын қадағалайды.
2010 жылғы емтихан уақыты 2010 жылы ДипИФР-Рус біліктілігіне қатысты емтиханды тапсыру мына уақыттарда өтеді:
11 наурыз 2010 10 маусым 2010 9 желтоқсан 2010
Диплом үш сағатқа созылатын жазбаша емтихан соңында беріледі. Өту балы — 50.
Курстың бағасы - 3 модуль үшін 195 000 теңге.
Бұл бағаға семинарлық сабақтар, өз бетінше оқу барысында оқытушының қолдау көрсетуі, оқу материалдары, төрт аралық сынақтар мен сынақ емтиханы кіреді.
Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға байланысыңыз:
Гульжамиля Ессенова Координатор АӨҚО Академиясы +7 (727) 3302308, 330 2309 |