Кері байланысІздеу
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  АӨҚО ОҚИҒАЛАРЫ  >  ҚР АӨҚО ҚРА Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

ҚР АӨҚО ҚРА Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

2010 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік, «АӨҚО» АҚ, «АӨҚО Рейтингтік агенттігі», «АӨҚО Академиясы» АҚ, «Еуразиялық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ қызметкерлері және осы іс-шараға арнайы шақыртылған ҚР Ұлттық Банкі, ҚҚА (АФН), «Қазақстан қор биржасы» АҚ және ҚҚҚ (АФК) басшылығының қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді.

Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру қойылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері және Жолдау аясында Агенттік қызметінің 2010 жылғы басты міндеттері қарастырылды. «ЕСЖ» Тауар биржасы» АҚ және «АӨҚО Академиясы» АҚ даму перспективалары мен ағымдағы жайдалары туралы есептер ұсынылды.

Қазақстан халқына Жолдауы барысында Елбасы 2010 жылы Агенттіктің бәсекеге қабылетті қаржы орталығын құруын және Алматы қаласын орталық-азия аймағындағы ислам қаржыландыруы жөніндегі орталық ретінде дамытуын басты міндет етіп қойды.

Аталған мақсаттар мен тапсырмаларға сәйкес, А.Арыстанов Агенттік пен АӨҚО қызметінің басты басымдықтарын айқындады.

Агенттік төрағасы сонымен қатар Агенттік құрылған сәттегі қойылған міндеттердің жүзеге асырылғандығын атап өтті. Агенттіктің қол жеткізген басты міндеті: қаржы орталығы инфрақұрылымын жетілдіру, туынды және ислам қаржы құралдары жөніндегі заңнаманы жетілдіру, KASE мен АӨҚО АСА биржалық алаңдарын біріктіру және т.б.

Сонымен қатар А.Арыстанов Агенттік қызметінің 2010 жылғы негізгі бағыттарын атап өтті, атап айтсақ: заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, биржалық қызметті дамыту, жаңа қаржы құралдарын енгізу үшін, сонымен қатар қор нарығына эмитенттер мен инвесторларды тарту мақсатында жағымды жағдайлар құру, халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты жұмыстарды жалғастыру.

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz