Кері байланысІздеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті

Тiлдi таңдаңыз:    Русский    English

 
 
Басты  >  АӨҚО ОҚИҒАЛАРЫ  >  ҚР АӨҚО ҚРА аймақтарда құнды қағаздар нарығы бойынша ақпараттық-білім беру кездесулері топтамасын өткізуде

ҚР АӨҚО ҚРА аймақтарда құнды қағаздар нарығы бойынша ақпараттық-білім беру кездесулері топтамасын өткізуде

2010 ж., 14 сәуір – Бүгін ҚР Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қарағанды қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл сапар Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының бағыттарын, «Мемлекеттік қызметтерді орындауға уәкілетті тұлғалар мен олардың дәрежесіне теңестірілген тұлғалардың құқықтық жағдайы мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң нормаларын түсіндіру, сондай-ақ, өңірлік эмитенттерді қор нарығына тарту мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сапар аясында А.К. Арыстанов Қарағанды облыс әкімі С.Н. Ахметовпен кездесіп, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті студенттеріне АӨҚО қызметі жайында дәріс оқыды, сонымен қатар, АӨҚО-ның жергілікті Ақпараттық-білім беру орталығында болып қайтты. Мұнда орта және кіші бизнес өкілдері мен аймақтың мемлекеттік қызметкерлеріне арналған бірқатар ақпараттық-білім беру семинарлары өткізілді.

«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметі қор нарығы инфрақұрылымын, құнды қағаздар нарығы заңнама негіздерін жетілдіруге және жаңа қаржы құралдарын шығаруға қажетті серпін береді. Ұзақ мерзімді болашақта аталған қызметтің нәтижесі Азиядағы 10 ең ірі қаржы орталықтары тізіміне Алматының енуі болып табылмақ», — деп атап өтті АӨҚО ҚРА төрағасы.

Атап айтқанда, ақпараттық-білім беру семинарларын өткізудің мақсаты қаржы тарту мен капитализация өсімін арттырудың тиімді тәсілдерінің бірі ретінде қор нарығына компаниялардың шығуының қолданбалы шешімдерімен қатысушыларды таныстыру болып табылды. Кездесулер барысында жалпы құнды қағаздар нарығы мен орта және кіші бизнес компанияларына арналған аудиторлік қызметтер мәселелері, мемлекеттік қызметкерлердің құнды қағаздар нарығына қатысуы мен мемлекеттік мекемелер өкілдеріне арналған құнды қағаздарды сатып алу және сату тетіктері қарастырылды. Мемлекеттік қызметкерлерге қор нарығында құнды қағаздарды сатып алуға мүмкіндік беретін бірқатар заңдарға енгізілген өзгертулерге ерекше көңіл бөлінді. Баяндамашылар аталған өзгертулер мүмкіндігі мен шарттары туралы тыңдаушыларға түсіндіріп, оларды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, спикерлер құнды қағаздар нарығы дамуының жаңа бағыты – бүгінгі күні әлемдегі ең қарқынды дамушы және жылына 15-20 пайыз өсімді көрсетіп отырған исламдық қаржыландыру жөнінде ақпарат ұсынды. Ұйымдастырушылар исламдық қаржы ұйымдарының Қазақстандағы қызмет етуінің болашағы мен сенімділігін атап өтті.

Дөңгелек үстелде АӨҚО ҚРА төрағасы А.К. Арыстанов алғашқы болып сөз алды. АӨҚО ҚРА, «АӨҚО» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «JPA International Аудит Гарант» ЖШС-і қызметкерлері іс-шара барысында спикерлер ретінде таныстырылды.

Кездесулер қорытындысы бойынша қатысушылар осындай сапарлардың ҚҚН-ын аймақтарда ары қарайғы дәріптеу үшін маңыздылығын атап өтті.

АӨҚО ҚРА делегациясы түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында ҚР-ның басқа облыс орталықтарына сапар жасауды жоспарлап отыр.

Редакция үшін ақпарат:

Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы – Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамытуға бағытталған қаржы орталығы қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың өзара қатынасын реттейтін ерекше құқықтық режім. Қаржы орталығын реттеуді Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі жүзеге асырады.

Өңірлік қаржы орталығын құрудағы мақсаттар – құнды қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы экономикасына инвестиция тарту және қазақстандық капиталды шетелдік құнды қағаздар нарығына шығару.

Агенттік ҚР халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырады. Бағдарламаның мақсаты — халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы оның әл-ауқатын көтеру. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Агенттік алдында тұрған міндеттер – түрлі қаржылық құралдар мен қызмет көрсетулерді қолданудың мүмкіндіктері туралы азаматтарды ақпараттандырудың жалпыға қолжетімді жүйесін құру; халықты жеке бюджетті басқарудың негізгі дағдыларына үйрету; халықты нарықтағы қолданыста бар қаржы құралдары мен қызмет көрсетулерді пайдалану кезінде олардың тәуекелін бағалауға, оларды сауатты пайдалануға үйрету.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыстар бойынша хабарласуыңызды өтінеміз:

АӨҚО ҚРА – 8 (727) 244 95 00 (ішкі тел.: 1129, 1141, 1184)

www.fingramota.kz

Call-center 8-800-080-01-77

Қазақстан Баспасөз клубы – 8 (727) 264 67 16, pr4@pressclub.kz

Қазақстан, 050010, Алматы қ., Қонаев к-сi, 181 Телефон: +7 (727) 244 95 00, факс: 244 65 18, e-mail: office@rfca.gov.kz