
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
АӨҚО ОҚИҒАЛАРЫ
>
«АӨҚО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айгүл Тасболат KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
«АӨҚО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айгүл Тасболат KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайландыҚазақстан қор биржасы Биржалық кеңесінің 2010 жылғы 9 шілдедегі шешімімен KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болып «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айгүл Тасболат сайланды. Тасболат ханым болмаған жағдайда Биржалық кеңес төрағасының қызметін «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ Басқарма Төрағасы Шолпан Айнабаева немесе «Сентрас Секьюритиз» АҚ активтерін басқару департаменті директоры – басқарушы директор Мирлан Ташметов атқарады. Бұған дейін хабарланғандай, 2008 жылдың 19 қарашасында KASE-ң жалпы отырысында сайланған Биржалық кеңес мүшелерінің өкілеттігі 2010 жылдың 28 маусымында аяқталған. Биржалық кеңестің 15 адамнан тұратын, өкілеттік мерзімі 3 жылды құрайтын жаңа құрамы бекітілді. Жаңа сайланған Биржалық кеңестің құрылымы төмендегідей: - 3 өкіл мемлекеттік органдардан – Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі; - 6 өкіл KASE акционерлері; - 5 тәуелсіз директорлар; - Биржа президенті. |