
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
АӨҚО ОҚИҒАЛАРЫ
>
АӨҚО ҚРА мен ҚҚА өкілдері халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Польша Республикасында іссапармен болып қайтты
АӨҚО ҚРА мен ҚҚА өкілдері халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Польша Республикасында іссапармен болып қайттыАғымдағы жылдың 12-15 шілдесінде Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарықтары және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттіктері өкілдері халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Польша Республикасында іссапармен болып қайтты. Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасының операторы АӨҚО ҚРА болып табылатындықтан, Польшаның Микроқаржылық орталығы қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі жобаларды жүзеге асырудағы Польшаның Микроқаржылық орталығы мен Ұлттық банкінің сәтті тәжірибелерімен танысу үшін АӨҚО ҚРА өкілдерін шақыртты. Сапар барысында қазақстандық делегация халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды сәтті жүзеге асырып жатқан Польшаның Ұлттық банкі мен Варшава қор биржасы өкілдерімен, Микроқаржылық орталық пен Польшаның Ұлттық банкі қаржыландыратын Rural Development Fund тәуелсіз ұйымы өкілдерімен кездесті. Польшада қаржылық сауаттылықты арттыру жобаларын Ұлттық банк қаржыландырады. Сонымен қатар, жеке жобаларды Варшава қор биржасы және бірқатар үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады. Варшава қор биржасы аясында 2008 жылы Ақпараттық басқару және білім беру кеңесі құрылды. Аталған кеңестің басты мақсаты БАҚ тарапынан жарияланатын ақпараттар арқылы халықтың бағалы қағаздар нарығына деген сенімділігін қамтамасыз ету. Польшаның Ұлттық банкі байланыс ресурсының барлық түрін қолдана отырып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруда. Алынған тәжірибе АӨҚО ҚРА тарапынан Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру барысында қолданылмақ. |