
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
ЖАҢАЛЫҚТАР
>
Еуропаның қор саудасында жетекші индекстер 2%-ға құлады, еуропаның жетекші банктерінің акциясы құлдырап кетті
Еуропаның қор саудасында жетекші индекстер 2%-ға құлады, еуропаның жетекші банктерінің акциясы құлдырап кеттіАҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) отырысының қорытындысы бойынша америка экономикасын ынталандыпу шараларының қайта басталуы туралы ақпарат қор саудасы барысына кері әсерін тигізді. Атап айтқанда, ФРЖ ипотекалық құнды қағаздарды сатудан түскен қаржыға АҚШ-тың ұзақ мерзімдік қазынашылық облигациясын сатып алуды жоспарлап отырғандығын хабарлады. Дегенмен, қор рыногындағылар мұндай жаңалыққа аса қуана қойған жоқ, олар АҚШ экономикасын қайта қалпына келтіру мәселесіне жете көңіл аударуда, деп хабарлайды РБК. АҚШ Сауда министрлігінен жеткен жаңалық та көңілді су сепкендей басты. АҚШ-тың сауда балансының кері сальдосы көрсеткіші 2010 жылдың маусымында осы жылдың мамырымен салыстырғанда 49,90 млрд. доллар құраған. Сарапшылар бұл көрсеткіштің маңызын 42,5 млрд. доллар деңгейінде деп атап отыр. Қаржы секторының өкілдері үшін бұл күн өте жайсыз болды. Атап айтар болсақ, Barclays акциясы 6,01 пайызға арзандап кетсе, Lloyds акциясы – 6,78%-ға, ал Societe Generale акциясы – на 4,19% — ға құнсызданды.
BNews.kz |