
|
|
![]() Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Басты
>
АӨҚО ОҚИҒАЛАРЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР13 Желтоқсан 2010
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік реестріне өзгертулер енгізілдіАгенттік Төрағасының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы Бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік реестрінен 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № АӨҚО – 006 аккредиттеу туралы Куәлікті өз еркімен қайтарып берулеріне байланысты «Верный Капитал» Акционерлік қоғамы шығарылды. 8 Желтоқсан 2010
ҚҚА тарапынан «Астана – Финанс» Брокерлік компаниясы» АҚ-ң брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиясы үш айға тоқтатылдыҚҚА-ң 2010 жылғы 29 қарашадағы № 175 Қаулысына сәйкес, «Астана – Финанс» Брокерлік компаниясы» АҚ-на берілген 2008 жылғы 20 тамыздағы номиналдық ұстаушы ретінде клиенттер шотын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға қатысты № 0401202007 лицензияның күші үш айлық мерзімге тоқтатылды. 21 Қазан 2010
19-21 қарашада «MEGA-Алматы» Сауда-ойын сауық кешенінде жыл сайынғы Қаржы өнімдері көрмесі өтеді3 күн! 15-тен астам брокерлік компаниялар! 45 семинарлар! Барлығы да сіз үшін ТЕГІН жұмыс жасайды! Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі тарапынан Қаржы құралдары көрмесі ұйымдастырылды. 20 Қазан 2010
АӨҚО ҚРА өкілдері UNCTAD есептілігі мен тіркелімінің халықаралық стандарттары бойынша жыл сайын өтетін сарапшылардың үкіметаралық жұмыс тобының 27-ші сессиясына қатыстыҚазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі өкілдері Женева қаласында (Швейцария) өткен UNCTAD есептілігі мен тіркелімінің халықаралық стандарттары жөніндегі сарапшылардың үкіметаралық жұмыс тобының жыл сайынғы 27-ші сессиясына (Сауда және даму жөніндегі Біріккен ұлттар ұйымының конференциясы) қатысты. 20 Қазан 2010
АӨҚО қатысушысы ретінде «Алем» Басқарушы компаниясы» АҚ-ң аккредиттеу Куәлігінің күші жойылғандығы туралыБағалы қағаздар нарығында клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығы бар брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясын айыруға байланысты Агенттік Төрағасының 2010 жылғы 19 қазандағы № 04.2-40/167 бұйрығымен «Алем» Басқарушы компаниясы» Акционерлік қоғамының 2008 жылғы 12 маусымдағы № РФЦА-033 Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы Куәлігінің күші жойылды. 20 Шiлде 2010
АӨҚО ҚРА мен ҚҚА өкілдері халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Польша Республикасында іссапармен болып қайттыАғымдағы жылдың 12-15 шілдесінде Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарықтары және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттіктері өкілдері халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Польша Республикасында іссапармен болып қайтты. 19 Шiлде 2010
АӨҚО ҚРА төрағасының орынбасары Ш.С.Қанапьянов «FATTAH FINANCE» Акционерлік қоғамы мен AmanahRaya – Малайзиялық мемлекеттік қаржылық тобы арасындағы бірқатар келісімшарттар мен меморандумдарды жасасу салтанатына қатысты2010 жылдың 19 шілдесінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Ш.С.Қанапьянов Шариат нормаларына сәйкес Қазақстанда қызмет көрсететін алғашқы компания «FATTAH FINANCE» Акционерлік қоғамы мен AmanahRaya – Малайзиялық мемлекеттік қаржылық тобы арасындағы бірқатар келісімшарттар мен меморандумдарды жасасу салтанатына қатысты. 19 Шiлде 2010
АӨҚО ҚРА және Беларусь Республикасы Бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының ассоциациясы ынтымақтастық жөнінде меморандум жасастыҚазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 4 маусымында Агенттік пен Бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының ассоциациясы (Беларусь Республикасы, Минск қаласы) арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды. 10 Шiлде 2010
«АӨҚО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айгүл Тасболат KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайландыҚазақстан қор биржасы Биржалық кеңесінің 2010 жылғы 9 шілдедегі шешімімен KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болып «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айгүл Тасболат сайланды. 2 Шiлде 2010
АӨҚО ҚРА Төрағасы Астанада өткен экономикалық форумның 3-ші секциясында баяндама оқыдыАстаналық 3-ші экономикалық форум 2010 жылдың 1-2 шілдесінде Астана қаласында өтіп, дағдарыстан кейінгі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталды.
|